Инвестициялық портфель

Zypl.ai, тәжік Fintech стартапы

Tumar венчурлік қоры тәжікстандық Zypl.ai стартапына 500 000 АҚШ долларын инвестициялады

Zypl.ai өкілдерінің айтуынша, стартап «несиелік портфельді оңтайландыру үшін синтетикалық деректерді қолдануда жаңашыл» болып табылады – бұл клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес несиелендіруді дербестендіру тұжырымдамасы. SaaS-платформасы қаржы ұйымдарына барлық макроциклдер кезінде несие беру үдерістерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өзі әзірлеген синтетикалық деректер генераторын пайдалана отырып, Zypl.ai тұрақты және бейімделетін жасанды интеллект модельдерін ұсынады, олар күйзеліске төзімді және өзгермелі макроэкономикалық жағдайларға бейімделе алады. Бұл дамушы нарықтардағы банктер мен микроқаржы компанияларының негізгі мәселесін шешеді.