Инвестициялық портфель

CodiPlay, Қазақстан Edtech стартапы

Тұмар венчурлық қоры қазақстандық CodiPlay стартапына 500 000 доллар инвестициялады

CodiPlay жобасына қосымша бір миллион долларға жеке инвесторды тартуды ескере отырып, мәміленің жалпы көлемі 1 миллион АҚШ долларын құрады.
Балаларды бағдарламалауға үйретуге арналған геймификацияланған CodiPlay жобасын 2021 жылы жас қазақстандық әзірлеушілер құрды. Мобильді қосымшадан бөлек, команда робототехника негізінде IoT-жобалар жасауға арналған CodiKit жинақтарын іске қосты. Оқушылардың оқу процесін бақылау үшін мектептер мен білім беру орталықтарына арналған, оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн-курстары бар CodiTeach ресурсы әзірленді. Бүгінде CodiPlay негізінде Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның оқушылары бағдарламалауды үйренуде. Болашақта бұл кешенді жүйені Әзербайжан, Өзбекстан, БАӘ және Түркияда енгізу жоспарлануда.